Біз сіздерді 2024 жылдың 19-26 шілдесі аралығында өтетін маңызды іс-шараға шақырамыз. Бұл “Ұлттық балаларды оңалту орталығы” КЕАҚ қызметімен танысуға және біздің қазіргі жобаларымыз бен қамқорлығымыз туралы білуге тамаша мүмкіндік болады.
Біз бірге мүмкіндігі шектеулі балаларға бағыт бағдар көрсетіп, олардың еліміздің лайықты азаматтары болуына көмектесе аламыз. Осындай іс – шаралар бізге қосымша мотивация береді.
Іс-шараның мақсаты:
Біз жұртшылықты жұмысымызбен таныстыруға, сондай-ақ Орталықпен ынтымақтастықта болуға заңды және жеке тұлғаларды тартуға тырысамыз.
Күтілетін нәтижелер:
– ” Ұлттық балаларды оңалту орталығы” танылуын арттыру;
– Пациенттерді орналастыру жағдайларын жақсарту;
– Біздің кішкентай қонақтарымыз бен олардың ата-аналарының қанағаттанушылығын арттыру;
– Біздің жобаларымызды қолдауға дайын демеушілер мен серіктестер санынұлғайту.
Ашық есік күні сізді не күтеді:
– Біздің бөлімшелер мен палаталарға экскурсиялар;
– Біздің бағдарламалар мен жобалардың тұсаукесерлері;
– Біздің мамандармен кездесулер;
– Біздің пациенттердің жұмысы бойынша ұйымдастырылған көрме;
Бізге қосылыңыз және оңалтуды қажет ететін мүгедек балалардың өмірін жақсартуға бағытталған іс шараға қатысыңыз. Бәріміз бірге үлкен нәтижелерге қол жеткізе аламыз және айналамызға мейірімді және қамқоршы болайық !
Өтетін орны: “Ұлттық балаларды оңалту орталығы”КЕАҚ, Тұран 36.
Күні: 2024 жыл 19-26 шілде.
Толығырақ ақпарат және байланыс: 87754327776 Гүлжан Тулбаева, медициналық туризм және сервис бөлімінің бастығы.