“Ұлттық балаларды оңалту орталығы” КЕАҚ Қызылорда филиалына жаңа директор тағайындалды.

2024 жылғы 20 қыркүйекте “Ұлттық балаларды оңалту орталығы” КЕАҚ Қызылорда филиалы директорының бос лауазымына орналасуға Конкурстық комиссиямен әңгімелесу өткізілді.

Ұсынылған материалдар, кандидаттармен өткізілген әңгімелесу нәтижелері негізінде Комиссия Маржан Бибиталиевна Тлеулиеваны тағайындауға ұсынуға шешім қабылдады.