Ұлттық балаларды оңалту орталығы Пекинде халықаралық форумға қатысуда

2024 жылғы 28 қазанда ҰБОО Пекинде (Қытай Халық Республикасы) «Адамдарға оңалту көмегін көрсетудегі жаңа ғылыми және технологиялық тәсілдер» тақырыбындағы халықаралық форумға қатысты.

Басқарушы директор С. Амангелдіқызы ҰБОО Басқарма төрағасы Ажар Ғиният атынан біздің орталықты таныстырып, Қытайдың оңалту зерттеу орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл маңызды келісім тәжірибе алмасу, оңалтуда жаңа концепцияларды әзірлеу, оқытуды ұйымдастыру, бірлескен ғылыми жобаларды жүргізу, сараптамалық және консультациялық көмек көрсету үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Форум аясында С. Амангелдіқызы біздің орталығымыздағы оңалту моделінің маңызы туралы баяндама жасап, онда оңалту мекемелері арасындағы өзара әрекеттесудің және білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Форумға Қытайдың медициналық университеттерінің басшылары, Жапонияның ұлттық оңалту орталығының директоры және басқа да мамандар қатысты.

Іс-шарадан кейін директор Ву Шицай мырзамен С. Амангелдіқызы арасында кездесу өтті, онда ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың келешектегі қадамдары талқыланды.

Қытайдың зерттеу орталығының өкілдері біздің мамандарды қолданылатын әдістер, жабдықтармен таныстырып, өздерінің медициналық орталықтарына экскурсия өткізді.

Біз бұл ынтымақтастық оңалту  көмегін жақсартуға және халықаралық деңгейде білім алмасуға маңызды қадам болатынына сенімдіміз!