Ұлттық балаларды оңалту орталығының Басқарма Төрағасы Ажар Ғинияттың бастамасымен тұзды үңгір (галокамера) ашылғанын қуана хабарлаймыз.
Бұл бағалы сыйлық AMANAT партиясы қолдауымен Ідіріс Орынбасар атындағы Жеке қордан көмек ретінде берілді. Демеушілерге жомарттығы мен балалардың денсаулығы мен әл-ауқатына қосқан баға жетпес үлесі үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Сіздердің қолдауларыңыз біздің кішкентай пациенттердің өмірі мен денсаулығын жақсарту үшін көп көмектеседі.
Тұзды үңгірге бару тегін, тек дәрігердің нұсқауы қажет.Тұзды ауаның көптеген пайдалы қасиеттері бар: ол тыныс алу жүйесін тазартады және нығайтады, жасушаларды иондармен қанықтырады, денедегі шаң мен бактериялардан арылуға көмектеседі. Бұл әсіресе суық тиюден зардап шегетін балалар үшін пайдалы, өйткені тұз үңгірі иммундық жүйені нығайтады.
Сонымен қатар, бұл ем қанның оттегімен қанықтылығын арттыруға көмектеседі және инфекциялар мен вирустармен күресу үшін дененің қорғанысын күшейтеді. Бұл әдіс бронх демікпесі, бронхит, аллергия, ЛОР патологиясы, жедел респираторлық вирустық инфекциялары және тері аурулары бар науқастарды емдеу мен оңалту үшін қолданылады.
Балалардың денсаулығын нығайтуға тағы бір тамаша мүмкіндікіті ұсына алатынымыз үшін мақтан тұтамыз.