2024 жылғы 21 шілдеде Ұлттық балаларды оңалту орталығында емделіп жүрген Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен келген ерекше балалар ата-аналарымен және қызметкерлермен бірге Астананың орталық мешітіне барды.
Басқарма төрағасы А. Ғинияттың бастамасымен және “Нұра” ауданы әкімдігінің қолдауымен біздің кішкентай қонақтарымыз мешітке жайлы автобуспен жеткізілді.
Мешітте пациенттерді имам жылы қарсы алып, қызықты экскурсия өткізді. Және кішкентай қонақтарға мейірімділік, үлкендерге құрмет және жоғары адамгершілік құндылықтар туралы ақпаратпен бөлісті. Балалар мешітті қуана аралап, қайта оралуға ниет білдірді.
Бұл сапар біздің пациенттер үшін қызықты экскурсия ғана емес, сонымен қатар рухани және мәдени білімді болудың жолы. Мұндай сәттер пациенттерімізді қуантып, денсаулықтарын нығайтуға және оңалтуда маңызды рөл атқаратынына сенеміз.