Медициналық робототехника саласындағы озық технологияларға арналған оқу семинары өтті

2024 жылдың 15 қазанында Назарбаев Университетінде медициналық робототехника саласындағы озық технологияларға арналған оқу семинары өтті. Бұл семинар Бүкіләлемдік банк қолдауымен зерттеулер саласындағы Компетенция орталығы тарапынан ұйымдастырылды.

Іс-шара MedTech саласындағы өндірістік компаниялардың өкілдерін және жас ғалымдарды жинап, білім алмасу мен соңғы инновацияларды талқылау үшін ерекше алаңға айналды. Қатысушылар жетекші өндірушілер мен әзірлеушілердің презентацияларымен және медициналық салада роботтандырылған технологияларды қолдану тәжірибесімен танысты.

“Ұлттық балаларды оңалту орталығы” КЕАҚ дәрігерлері медициналық робототехниканы ілгерілету жөніндегі халықаралық консорциумның өкілдері ретінде шақырылды.

Семинарда медицина ғылымдарының кандидаты, нейрореабилитолог дәрігері және ҚР ДСМ штаттан тыс балалар реабилитологы Мейрам Жамбулович Шакеновтың «Ұлттық балалар оңалту орталығында роботтандырылған кинезиотерапия» тақырыбында жасаған баяндамасы ерекше назар аударды.

Семинарға қатысу медициналық салада ынтымақтастық пен технологияларды дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.