Бүгін Ұлттық балаларды оңалту орталығында Әлеуметтік-педагогикалық оңалту басқармасының басшысы Айгүл Балтабаеваның басшылығымен «Музыка – жүректің тілі, көңілдің кілті» атты музыка терапевтер бірлестігінің онкүндік ашылу салтанаты өтті.
Музыкотерапия ерекше балаларға эмоционалдық, әлеуметтік дамуда көмектеседі, оларды өз ойларын білдіруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және жалпы көңіл-күйлерін жақсартуға мүмкіндік береді.
Осыған орай 10 күн ішінде орталықтың барлық бөлімдерінде балаларға арналған іс-шаралар өтетін болады. Атап айтқанда, «Ерекше балаларға вокал терапияның маңыздылығы», «Музыка әлеміне саяхат”, «Жанға арналған музыка», «Музыкадағы ритм”, Біз көңілді музыканттармыз” тақырыптары ерекше назарға алынған.
Орталықта балаларға 20 ға жуық музыка терапевтер домбыра, қобыз, фортепиано, вокалтерапия, dance терапия, инструменталды терапия, ертегітерапия және т.б. сабақ өткізеді.
Музыка сабағында балалар музыка тыңдау, ән салу, аспаптарда ойнау, би билеу тәрізді түрлі іс-әрекеттермен айналысады. Онда балалардың тыңдау, сезіну, орындаушылық, эмоциялық сезімдері қалыптасады.
Сонымен қатар, музыка балалардың музыкаға деген құлшынысын, қызығушылығын ғана арттырып қоймай, есте сақтау, ойлай білуге, ажырата, салыстыра алуға баулиды.