Республика күні қарсаңында Ажар Ғиниятықызы Ұлттық балаларды оңалту орталығы қызметкерлерін наградалармен марапаттады

Ұлттық мереке қарсаңында, Республика күніне орай, Ұлттық балаларды оңалту орталығында ақ халатты абзал жандардың қатысуымен салтанатты жиын өтті.

Іс-шара барысында Басқарма төрағасы Ажар Ғиният мерекемен құттықтап, барлық қызметкерлерге кәсібилігі үшін алғыс айтты.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Ерен еңбегі үшін» медалімен Бас медбике Тлеулинова Райхан Ряшевна марапатталды.

50-ге жуық орталық қызметкерлері “Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін”, “Денсаулық сақтау үздігі” төсбелгісі, ҚР ДСМ “Құрмет грамотасы”, ҚР ДСМ “Алғыс хат” және Басқарма Төрағасы Ажар Ғиниятқызының атынан “Алғыс хат” марапаттарына ие болды.

Сонымен қатар, «AQNİET «Қазақстандық денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Астана қаласындағы филиалы атынан 12 қызметкер «Құрмет грамота» марапатталды.

Мерекелік іс-шара ән шашумен жалғасты, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.