1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

Бұл достық, сыйластық пен ынтымақ мерекесі. Еліміздің кең шаңырағы астында қазақтар, өзбектер, орыстар, украиндар, неміс, корей, ұйғыр, қырғыз, армян, грузин және көптеген басқа 120 дан астам ұлт өкілдері тұрады.

Осы ұлттардың әрқайсысы бірегей таптырмас қасиеттерге ие. Қазақстан аумағында біз – тату өмір сүретін бір халықпыз. Бірінші мамыр мерекесінің мәні де осы.

Қазақстанның көпұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымақтастығы нығая берсін! Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, бірлігіміз арта берсін!