4-5 сәуірде КеАҚ «Ұлттық Балаларды оңалту орталығы» түзету-әдістемелік бөлімінің дефектологы Айжан Оразалықызы Батыс Қазақстан облысының балаларға оңалту көмегін көрсететін ұйымдарға барды

Аймақтық медициналық ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету шеңберінде 04-05 сәуірде КеАҚ «Ұлттық Балаларды оңалту орталығы» түзету-әдістемелік бөлімінің дефектологы Айжан Оразалықызы Батыс Қазақстан облысының балаларға оңалту көмегін көрсететін ұйымдарға барды.

04-05 сәуір аралығында аймақтық Денсаулық Сақтау басқармасының ұйымдастыруымен «Қамқорлық» ерте жастан дамыту орталығы, «Балауса» оңалту орталығы, «Қамқорлық» оңалту орталығының басшылары және мамандарымен кездесулер өткізіліп, ағымдағы жағдайлар, материалдық-техникалық базаның жабдықталуы, мультидисциплинарлық топтың жинақталуы, балаларға оңалту көмегін көрсету шарттары туралы айтылды.

Сапар барысында дөңгелек үстел (18 адам), 21 тыңдаушы қатысуымен «Балалардың зейін тапшылығы мен гиперактивтілігінің бұзылуымен жұмыс істеу ерекшеліктері» тақырыбында семинар және «Түзету сабақтарында екі ми жартышарларын дамыту» тақырыбында шеберлік сағаттары өткізілді.

Сонымен қатар, Кешенді медициналық ақпараттық жүйеде ем алатын әртүрлі бейіндегі балалардың медициналық құжаттамасын жүргізулерін қарау және де әрбір ұйымда 1 пациентке консультациялық кеңес берілді