Астана қаласының медицина қызметкерлері арасындағы спартакиада

Бүгін «Салауатты ұлт» ұлттық жобасын іске асыру аясында «AQNIET» Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының елордалық филиалы мен Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырған Астана қаласының медициналық ұйымдарының қызметкерлері арасында шаңғы жарысы бойынша спартакиада өтті.

Іс-шара бұқаралық спортты дамыту; халықты дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, денсаулықты нығайту, еңбекке қабілеттілікті арттыру және қызметкерлер арасында сырқаттанушылықты азайту; медицина қызметкерінің имиджін арттыру; 2023-2025 жылдарға арналған қалалық Салалық келісімді іске асыру мақсатында ұйымдастырылды.

Ұлттық балаларды оңалту орталығынан ҰБОО спорт өкілі Серік Бейсенбектің қолдауымен түзету-әдістемелік бөлімінің дефектологы Гүлзат Маратова мен роботталған оңалту зертханасының маманы Әлібек Бақытжанов қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша 20 медициналық ұйым арасында:

1 орын-Ұлттық жедел медициналық үйлестіру орталығы

2 орын — Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы

3 орын — Ұлттық балаларды оңалту орталығы

Шаңғы тебу төзімділікті дамытуға және бұлшықеттерді нығайтуға көмектеседі. Үнемі шаңғы тебу жүрек-қантамыр жүйесіне пайдалы, сонымен қатар иммунитетті көтерудің және нығайтудың тамаша тәсілі болып саналады.

Астана қаласының медицина қызметкерлері арасындағы спартакиада Астана қаласының медицина қызметкерлері арасындағы спартакиада

[ngg src=»galleries» ids=»1″ display=»imagebrowser» maximum_entity_count=»500″]