Бетперде тағуды сұраймыз!

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері – Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова «Ауа-тамшы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы» қаулыға қол қойды.

Құжатқа сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарында 8 ақпаннан бастап маска режимі енгізіледі.

Қаулыға сәйкес Қазақстан облыстарының, Астана, Алматы және Шымкенттің денсаулық сақтау басқармаларының, сондай-ақ аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің басшыларына медициналық ұйымдардың персоналы мен келушілердің медициналық маскаларды пайдалануын қамтамасыз ету тапсырылды.

Осыған орай келушілер мен пациенттерге бетперде тағуын сұраймыз