ҰБОО қызметкерлері Дүниежүзілік қол гигиенасы күніне арналған флешмобқа қатысты

Дүниежүзілік қол гигиенасы күні жыл сайын 5 мамырда қол гигиенасын жақсартудың маңыздылығына назар аудару мақсатында өтеді. Осыған орай, бүгін Ұлттық балаларды оңалту орталығының қызметкерлері флешмобқа қатысты.

Импровизацияланған биде дәрігерлер қолдарын қалай дұрыс жуу керектігін көрсетті. Сарапшылардың пікірінше, қолдың тазалығы адам өмірін сақтап қалуы немесе құтқаруы да мүмкін. Тыныс алу арқылы емес, киім арқылы емес, инфекциялардың 80-90% қол арқылы таралады. Сондықтан біз қол гигиенасын сақтаймыз.

Қолды сабынмен жуу – аурудың алдын алудың ең маңызды шарасы. Жеке гигиенаның бұл қарапайым әдісін көшеден, қоғамдық орындардан, дүкеннен келгеннен кейін және тамақ дайындамас бұрын қолды жуу керек.

Бетіңізді, аузыңызды, мұрныңызды және көзіңізді лас қолыңызбен ұстамаңыз-осылайша вирус және бактерия ағзаға түсуі мүмкін. Қолыңызды дұрыс және жүйелі түрде жуыңыз және эстафетаны бір-біріңізге #моемрукивместе хэштегімен жіберіңіз. Біздің денсаулығымыз-біздің қолымызда.