Салтанатты түрде Ұлттық балаларды оңалту орталығы (ҰБОО) Қазақстан Республикасының Ғылым қызметкерлері күніне және көрнекті геолог-ғалым, ҚазКСР Ғылым Академиясының тұңғыш академигі Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған іс-шара ұйымдастырды.
Ғылым және білім басқармасы мен жас ғалымдар кеңесі тарапынан бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды: жас пациенттер арасында шығармашылық қабілеттерін дамыту және балалардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында «Ғылым әлемі балалар көзімен» тақырыбында суреттер мен қолөнер байқауы, Қ.И. Сәтбаевтың өмірі мен қызметі туралы қысқа метражды деректі фильм көрсетілді, клиникалық жағдайлар бойынша дәрігерлердің ғылыми-практикалық баяндамалар, орталықтың бөлімдері арасындағы интеллектуалды ойындар өткізді.
ҰБОО Басқарма төрағасы Ажар Ғиният кәсіби мерекемен құттықтап, Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба, құмарланып шаттанба» өлеңінің үзіндісін оқыды.
Ол ғылымның медицинаның дамуында маңызды рөл атқаратынын, біз пациенттерге қолданатын кез келген диагностика, емдеу, оңалту ғылым арқылы келгенін атап өтті.
«Балалардың денсаулығын жақсарту үшін ғылыми зерттеулер жүргіземіз, біздің ғалымдар-қоғамның элитасы, елдің қазынасы» деді ол.
«Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КЕАҚ ғылым күнін мерекелеу шеңберінде «Назарбаев Университеті» ДББҰ-мен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты, тараптар денсаулық сақтау саласында тәжірибе алмасуда, оңалту саласында жаңа технологияларды әзірлеуде, сондай-ақ біліктілікті арттыру мақсатында ғылыми зерттеулер мен оқытуда ынтымақтасуға дайын екендіктерін білдірді.
Іс-шараға Назарбаев Университетінің медицина мектебінен медицина жөніндегі вице-президенті, декан Массимо Пиньателли; Prashant Jamwal робототехника профессоры (Прашант Джамвал); ғалым, Спорттық медицина және реабилитология бойынша магистратура бағдарламасының директоры Елтай Рахманов қатысты.
ҰБОО дәрігерлері өздерінің тәжірибелерімен бөлісті: м.ғ.к., нейрофизиология және сурдология зертханасының меңгерушісі Жанна Медетбекова, м. ғ. к., Стратегиялық даму және маркетинг бөлімінің басшысы Мейрам Шакенов, модельдеу және ортездеу зертханасының меңгерушісі Аманжол Дәулеткерей, «Болашақ» бөлімшесінің невролог дәрігері Мария Мустафина және «Қадам» бөлімшесінің невролог дәрігері Жадыра Курманова.
Іс-шара соңында балалар суреттері мен қолөнер байқауының қорытындысы шығарылды, жеңімпаздарға ҰБОО ғылым және білім басқармасының бастығы, биология ғылымдарының докторы, профессор Б.С. Имашева грамоталар мен сыйлықтар табыс етті, ҰБОО Басқарма төрағасының орынбасары, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Р. Дарибаев зияткерлік ойын жеңімпаздарын құттықтады.
ҰБОО Қазақстандағы ғылым қызметкерлері күнімен құттықтайды! Ғалымдарға жаңаша білім беруді және еліміздің, бүкіл адамзаттың игілігі үшін зерттеулер жүргізуді тілейміз.
Анықтама: ҰБОО ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттелген және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің куәлігі бар.