Ұлттық балаларды оңалту орталығы кітапханасы жаңа кітаптармен толықты

Балаларды қорғау күніне орай Ұлттық балаларды оңалту орталығы кітапханасы жаңа кітаптармен толықты🤩📚
Кітаптарды Астана қаласы «Нұра» ауданы әкімінің орынбасары Әлия Абсеметова балаларды мерекемен құттықтап, орталық кітапхана қорына сыйлады🎁
— Мақсатымыз жас оқырмандарды рухани азық көзі-кітап әлемімен таныстыру, балаларды оқуға шақыру, — деді Әлия Абсеметова🎤
Құрметті оқырмандар, біздің қорымызға келіп түскен кітаптарды алып оқимын десеңіздер, кітапхана есігі сіздерге әрдайым ашық. Келіңіздер, оқыңыздар☺️
📚Кітапхананың жұмыс уақыты:
Дүйсенбі-жұма, сағат 08: 30 — дан 17: 30-ға дейін.
Сенбі-жексенбі- демалыс