Ұлттық балаларды оңалту орталығының аумағына 120 емен, қарағай, қайың көшеттері отырғызылды

Ұлттық балаларды оңалту орталығында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасуда, бүгін біз орталық аумағында емен, қарағай және қайыңның 120 көшеті отырғызылғанын қуана хабарлаймыз.

Бұл ағаштар ауаны тазартуға және біздің кішкентай пациенттерімізге қолайлы атмосфера жасауға ықпал етеді.

Ақмола облысының әкімі Ахметжанов Марат Мұратұлына және облыс әкімінің орынбасары Рамазанов Ельдос Мұратұлына қолдау көрсеткендері үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Бәріміз бірге қоршаған ортаға қамқорлық жасап, көгалдандыруға және табиғатымызды одан әрі көркейтуге үлес қосайық. Біздің отырғызған әрбір көшетіміз өсіп-өніп адамдарға қуаныш сыйласын.