«Мейіргердің дәрілік заттарды ұтымды пайдаланудағы рөлі» тақырыбында конференция

Ағымдағы жылы 25 сәуірде  Ұлттық балаларды оңалту орталығында ҚР ДСМ бас штаттан тыс клиникалық фармаколог Макалкина Лариса Геннадьевнаның қатысуымен «Мейіргердің дәрілік заттарды ұтымды пайдаланудағы рөлі» тақырыбында конференция өтті.

Конференцияға Ұлттық балаларды оңалту орталығының мейіргерлері, менеджерлері, фармацевтері қатысты. Мейіргерлердің дәрі-дәрмектерден жағымсыз реакциялардың болуын анықтау, медициналық қателіктердің алдын алу және жоғары қауіпті дәрі-дәрмектермен жұмыс істеу ережелерін сақтау белсенді қатысу мәселелері талқыланды.