«Мейірімді мейіргер»

 «Мейірімді мейіргер»

Жақында бүкіл әлемдегі мейіргерлер өздерінің кәсіби мерекелерін «Мейіргерлер күнін» атап өтеді, осы мереке қарсаңында Сіздердің назарларыңызға «Мейірімді мейіргер» айдарын ұсынамыз, онда біз сізді орталықтың мейіргерлерімен таныстырамыз. Мейіргер мамандығы-біздің заманымыздың ең ізгілікті және мейірімді кызметкерлердің бірі. Бүгін біз орталықтың бас мейіргерімен таныстырамыз.

Тлеулинова Райхан Ряшовна «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КЕАҚ бас мейіргері,  жұмыс өтілі-38 жыл.

Ол 1986 жылы № 4 Омбы медициналық училищесін бітірді. Жоғары білімі бар – «Эмили» медициналық орталығының Елордалық филиалы, 2008 ж. мейіргерлер институты, бакалавр. Біліктілігі жоғары.

Райхан Тлеулинова әрдайым кәсіби өсуге және білімін жетілдіруге ұмтылады. Біліктілікті арттыру курстарынан өтті:

* 2012 жылы Каунас қаласындағы Литва ғылым және денсаулық университетінде «Мейіргерлер ісін дамытудың жаңа парадигмасы: дәлелден іс-әрекетке»;

* 2016 жылы Финляндияның Ювяскиля қаласында «Мейіргерлер ісі жөніндегі мамандарға арналған клиникалық нұсқаулықтардың әдістемесі».

Райхан Тлеулинова «Аутизм спектрі бұзылған балаларды оңалту: мультидисциплинарлық топтың жұмысы үшін проблемалар мен триггер факторларын жан-жақты бағалау» тақырыбындағы «Реабилитология мәселелері» журналы мақаласының авторы, 2019ж.

Жоғары кәсібилігі мен адал еңбегі үшін Райхан Тілеулинова 2013 жылы «Денсаулық ісіне қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды; 2021 жылы «Медицина қызметкерінің күніне орай азаматтардың денсаулығын сақтау ісіндегі жеке үлесі мен мінсіз адал еңбегі үшін » Құрмет грамотасы; 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Азаматтардың денсаулығын сақтау ісіндегі жеке үлесі мен мінсіз адал еңбегі үшін» 2024 ж. Құрмет грамотасымен марапатталған.

Ол бала кезінен бастап адамдарға көмектесу үшін мейіргер болғысы келетінін айтты және өз жұмысын өзінің кәсібі деп санайды! Райхан Тілеулинова-сауатты және жауапты қызметкер. Ол ҰБОО-да жұмыс істегеніне 17 жыл болды.

Орталығымызда осындай тәжірибелі, өз ісінің маманы болғанын мақтан тұтамыз және оның кәсібилігі пациенттерге деген қамқорлығы біздің орталықты күн сайын жақсаруына үлес қосатынына сенімдіміз.

Райхан Тілеулиноваға біздің орталықтың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз және кәсіби қызметінде одан әрі табыстар мен жетістіктер тілейміз.