Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау қаласында Ұлттық құрылтай отырысын өткізді

«Ал Құрылтайда қоғамдық құндылықтарды жаңғырту үшін маңызды қадамдар жасалады. Жаңару мен жаңғыру жақсылыққа жол ашады. Сондықтан Құрылтай мүшелерінің жылына бір рет алқалы жиында бас қосуы игі дәстүрге айналды.», — деді

Жыл сайын өтетін Ұлттық Құрылтай азаматтық қоғамның ұсыныс-пікірлерін жинақтап, көп талқысына салатын салмақты диалог алаңына айналды. Осында көтерілген өзекті мәселелер мен тың бастамалар республикалық деңгейде шешімін тауып келеді. Бірқатары жаңа заңдарға арқау болып, құқықтық тұрғыдан реттелуде. Құрылтайдың маңыздылығының өзі осында.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтың береке-бірлігін сақтау елдігіміз үшін аса маңызды» екенін айтып, оған қажетті алғышарттар мен нақты істерге тоқталды. Ұлтымыз үшін маңызды ономастика, төл тарих, руханият, қазақ тілі, креативті индустрия, ұлттық бірегейлігімізді нығайту, кітап оқитын ұлтқа айналу мәселелері де Президент назарынан тыс қалмады. «Озық ойлы елге айналудың төте жолы – кітап оқу» екенін баса айтты.

Сөз соңында Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы келесі жылы Көкшетауда өткізуді ұсынды, және бүкіл азаматтарды Оразамен құттықтап,  зор денсаулық, бақ-береке тіледі.