Нейроортопедиялық патологиясы бар балаларды оңалтудағы эрготерапия» тақырыбы бойынша оқу аяқталды

ҰБОО-да 2024 жылғы 15 наурызда «Нейроортопедиялық патологиясы бар балаларды оңалтудағы эрготерапия» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру шеңберінде эрготерапевттерді оқыту аяқталды.

Арттыру курсының мақсаты нейроортопедиялық патологиясы бар балаларды медициналық оңалту саласындағы мамандардың кәсіби қызметі мен құзыреттілік деңгейін арттыру үшін қажетті эрготерапия бойынша теориялық және практикалық білімді жетілдіру болып табылады.

Эрготерапия нейроортопедиялық патологиясы бар балаларды қазіргі заманғы әлеуметтік оңалтудың ажырамас бөлігі болып табылады және әлемнің көптеген елдерінің оңалту бағдарламаларында маңызды орын алады.

Эрготерапевттің жұмысы әлеуметтік — тұрмыстық бейімделуге, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын дамытуға (тамақтану, киіну, шешіну, жалпы гигиеналық дағдылар), қолдың ұсақ моторикасын дамытуға, қол массажына, Бобат элементтерін қолдануға бағытталған.

Білім беру бағдарламасына әлеуметтік тұрмыстық бейімделу, балалардағы қолдың ұсақ моторикасын дамыту ерекшеліктері, нейроортопедиялық патологиясы бар пациенттердің эрготерапиясында инновациялық әдістер мен әдістемелерді практикалық қолдану туралы ақпарат кіреді: қолды функционалдық шектеу әдісі – «Таубе»,  «Айна терапиясы», сенсорлық интеграция, механотерапия, Перфетти әдістері, Бобат терапиясының элементтері, эрготерапиядағы PNF терапиясы, АВА терапиясы, PECS карталарын қолдану.

Халықаралық шкалаларды қолдану туралы толық ақпарат беру маңызды аспект болып табылады (Бартел шкаласы өзіне-өзі қызмет көрсету және тұрмыстық бейімделу дағдыларын бағалау, FIM функционалдық тәуелсіздік шкаласы, МАСS шкаласы қозғалыс белсенділігін бағалау). Білім беру бағдарламасы дисфагия кезінде эрготерапевтік манипуляциялардың практикалық дағдыларын игеруді қамтиды.

Циклдің тәлімгерлері: Оразбаева Арайлым Сагатовна-рабилитолог дәрігер, эрготерапия бөлімінің меңгерушісі; Жылкыбаев Галымжан Лекерович-невролог, жоғары санатты дәрігер, «Қадам» бөлімінің меңгерушісі; Есилбаева Акбаян Муратовна – эрготерапевт. Цикл ұзақтығы 2 кредит / 60 сағат.

ҰБОО ғылым және білім басқармасы түрлі тақырыптарда біліктілікті арттыру курстарын өткізеді. Курсқа жазылу үшін Сіз мына нөмірге хабарласыңыз:  +7 775 205 2405, 8(7172)511543.