«Реабилитациядағы психологтың рөлі» тақырыбында онкүндігі басталды

2024 жылдың 20-мамырында «Ұлттық балалар оңалту орталығы» түзету-әдістемелік бөлімінің психологтар әдістеме бірлестігінің кезекті «Реабилитациядағы психологтың рөлі» тақырыбында онкүндігі басталды.

Іс-шараның мақсаты:  ашық сабақтар мен тақырыптық іс-шаралар өткізу арқылы балалармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдерімен педагогтар арасында өзара тәжірибе алмасу.

Онкүндіктің ашылуын психолог-мамандар көрермендерге ұшақпен сапар шегуге шақыру арқылы көтеріңкі көңіл күй сыйлап, өз өнерлерін көрсетті.

Бөлім психологтары 2024 жылдың 20 — 29 мамыр аралығында педагогтар мен орталық қызметкерлеріне жұмыстағы өз әдістерін ұсынады.