Жетекші реабилитологтар Қазақстанда балаларды оңалту қызметін дамытудың маңызды мәселелерін талқылады

2024 жылғы 3 мамырда Қазақстанның оңалту ұйымдары басшыларының қатысуымен «Қазақстан Республикасында балаларды оңалту қызметін одан әрі дамыту мәселелері» тақырыбында онлайн кеңес өтті. 100 – ге жуық Денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері, оңалту орталықтарының басшылары, штаттан тыс бас реабилитолтар, педиатрлар және т. б. қатысты. «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Ажар Ғиният құттықтау сөз сөйледі.

Ажар Ғиният Қазақстанда мүгедектігі бар 700 мыңнан астам адам тұратынын атап өтті, оның 60% – еңбекке қабілетті жастағы азаматтар, 26% – зейнеткерлік жастағы азаматтар және 14% – балалар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми мәліметтері бойынша, елде 110 мыңға жуық мүгедек бала тіркелген және өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы балалар мүгедектігінің 5% – ға өскені байқалады.

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 945 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес балалар мүгедектігі проблемасын шешу және оларды оңалту мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының біріне айналды.

«Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі -ҰБОО) стратегия бөлімінің бастығы, ҚР ДСМ физикалық медицина және оңалтудың штаттан тыс бас маманы Мейрам Шакенов «Қазақстан Республикасында балаларды оңалту қызметін дамыту тұжырымдамасы» тақырыбында баяндама оқыды.

Қазақстанда Балаларды оңалту қызметін дамыту тұжырымдамасында ДДҰ ұсынған тіршілік әрекеті мен денсаулықтың жұмыс істеуінің шектелулерінің халықаралық сыныптамасы негізінде мультидисциплинарлық тәсілді пайдалана отырып, балалардың денсаулығын сақтау және оңалту құндылығына баса назар аударылады.

Талқылау барысында қатысушылар оңалту қызметтеріне төмен тарифтер, кадрлардың тапшылығы, мамандардың біліктілігін арттыру мәселелері, педагогтердің төмен жалақысы және т.б. сияқты проблемаларды анықтады.

Сондай-ақ, ҰБОО «Орталық Азия медициналық оңалту хабаршысы» журналының тіркелгені туралы хабарлады. Вебинарға қатысушылар өз мақалаларын жариялауға дайын екенін білдірді.

Сонымен қатар, 2024 жылдың қыркүйек айында неврологиялық аурулары бар пациенттерді ерте анықтау, емдеудің инновациялық әдістері, қалпына келтіру және оңалтудың кешенді тәсілін талқылауға арналған «Неврологиялық ауруларды диагностикалаудағы, емдеудегі және оңалтудағы дисциплинааралық тәсіл» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілетіні туралы жарияланды.

Конференцияға отандық және шетелдік ғалымдар, жетекші оңалту орталықтарының, санаторий-курорттық мекемелердің мамандары, медициналықжәне мамандандырылған жабдықтарды өндіруші фирмалар, фармацевтикалық компаниялар және әртүрлі елдердің денсаулық сақтау өкілдері қатысады.