«9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне» арналған Ұлттық балаларды оңалту ораталығы қызметкерлері арасында эстафеталық спорттық жарыс өтті.
Шараның басында орталықтың Басқарма төрағасы Ажар Ғиният сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Мақсаты – медициналық қызметкерлерді салауатты өмір салтын ұстауға шақыру және спортқа қызығушылығын арттыру.
Жарыста әрқайсысы 7 адамнан тұратын 18 команда жылдамдық,ептілік,дәлдік қасиеттерімен сынға түсті.
Эстафеталық жарыс 100 метр қашықтықта жүгірумен жалғасты.
Жарыс нәтижесі бойынша ерлер арасында: I орын – «Физио», II орын – «Қамқор», III орын – «Бөбек» командасы жеңімпаз атанды.
Ал қыздар арасында I орын – «Болашақ», II орын – «АУП», III орын – «Қамқор» командалары марапатталды!
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!